关于知识产权 知识产权培训 树立尊重知识产权的风尚 知识产权外联 部门知识产权 知识产权和热点议题 特定领域知识产权 专利和技术信息 商标信息 工业品外观设计信息 地理标志信息 植物品种信息(UPOV) 知识产权法律、条约和判决 知识产权资源 知识产权报告 专利保护 商标保护 工业品外观设计保护 地理标志保护 植物品种保护(UPOV) 知识产权争议解决 知识产权局业务解决方案 知识产权服务缴费 谈判与决策 发展合作 创新支持 公私伙伴关系 人工智能工具和服务 组织简介 与产权组织合作 问责制 专利 商标 工业品外观设计 地理标志 版权 商业秘密 WIPO学院 讲习班和研讨会 知识产权执法 WIPO ALERT 宣传 世界知识产权日 WIPO杂志 案例研究和成功故事 知识产权新闻 产权组织奖 企业 高校 土著人民 司法机构 遗传资源、传统知识和传统文化表现形式 经济学 性别平等 全球卫生 气候变化 竞争政策 可持续发展目标 前沿技术 移动应用 体育 旅游 PATENTSCOPE 专利分析 国际专利分类 ARDI - 研究促进创新 ASPI - 专业化专利信息 全球品牌数据库 马德里监视器 Article 6ter Express数据库 尼斯分类 维也纳分类 全球外观设计数据库 国际外观设计公报 Hague Express数据库 洛迦诺分类 Lisbon Express数据库 全球品牌数据库地理标志信息 PLUTO植物品种数据库 GENIE数据库 产权组织管理的条约 WIPO Lex - 知识产权法律、条约和判决 产权组织标准 知识产权统计 WIPO Pearl(术语) 产权组织出版物 国家知识产权概况 产权组织知识中心 产权组织技术趋势 全球创新指数 世界知识产权报告 PCT - 国际专利体系 ePCT 布达佩斯 - 国际微生物保藏体系 马德里 - 国际商标体系 eMadrid 第六条之三(徽章、旗帜、国徽) 海牙 - 国际外观设计体系 eHague 里斯本 - 国际地理标志体系 eLisbon UPOV PRISMA UPOV e-PVP Administration UPOV e-PVP DUS Exchange 调解 仲裁 专家裁决 域名争议 检索和审查集中式接入(CASE) 数字查询服务(DAS) WIPO Pay 产权组织往来账户 产权组织各大会 常设委员会 会议日历 WIPO Webcast 产权组织正式文件 发展议程 技术援助 知识产权培训机构 COVID-19支持 国家知识产权战略 政策和立法咨询 合作枢纽 技术与创新支持中心(TISC) 技术转移 发明人援助计划(IAP) WIPO GREEN 产权组织的PAT-INFORMED 无障碍图书联合会 产权组织服务创作者 WIPO Translate 语音转文字 分类助手 成员国 观察员 总干事 部门活动 驻外办事处 职位空缺 采购 成果和预算 财务报告 监督
Arabic English Spanish French Russian Chinese
法律 条约 判决书 按司法管辖区搜索

哈萨克斯坦

KZ124

返回

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар № 370-ІІ эаңы электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы (өзгерістер енгізілді - ҚР от 16.05.2018 № 155-VI)

 Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар № 370-ІІ Заңы)

Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтар N 370-ІІ Заңы.

МАЗМҰНЫ

Осы Заң электрондық цифрлық қолтаңбалар арқылы куәландырылған, құқықтық қатынастардың орнатылуын, өзгертiлуiн немесе тоқтатылуын көздейтiн электрондық құжаттарды жасау және пайдалану кезiнде туындайтын қатынастарды, сондай-ақ азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауды қоса алғанда, құқықтық қатынастарға қатысушылардың электрондық құжаттар айналымы саласында туындайтын құқықтары мен мiндеттерiн реттеуге бағытталған.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және " электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2) арнайы куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының уәкілетті бөлімшесі;

3) архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган – архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің анықтығын растайтын заңды тұлға;

5) куәландырушы орталықты аккредиттеу – куәландырушы орталықтың қызметтер көрсету құзыретін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның ресми тануы;

5-1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығы – Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйелерінде және өзге де мемлекеттік ақпараттық ресурстарында мемлекеттік органдарға, мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына қызмет көрсететін куәландырушы орталық;

5-2) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы – куәландырушы орталықтардың электрондық цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы орталық;

5-3) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы – трансшекаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауды жүзеге асыратын ақпараттық жүйе;

5-4) Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығы – мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық жүйелерде электрондық құжаттарды қалыптастыру үшін жеке немесе заңды тұлғаларға электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын және тіркеу куәліктерін беретін куәландырушы орталық;

6) қол қоюшы тұлға – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін құқыққа сыйымды иеленетін және оны электрондық құжатта пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

7) құжаттың электрондық көшірмесі – төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын ( деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;

8) алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) тіркеу куәлігі – куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаның осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін беретін қағаз жеткізгіштегі құжат немесе электрондық құжат;

10) тіркеу куәлігін иеленуші – өз атына тіркеу куәлігі берілген, тіркеу куәлігінде көрсетілген ашық кілтке сәйкес келетін жабық кілтті құқыққа сыйымды иеленетін жеке немесе заңды тұлға;

11) электрондық архив – архивтік электрондық құжаттардың жиынтығы;

12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

13) электрондық құжат айналымы – мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында электрондық құжаттар алмасу;

14) электрондық құжат айналымы жүйесі – қатысушылары арасындағы қатынастар осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі;

15) электрондық құжат айналымы жүйесіне қатысушы – электрондық құжаттарды жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу және тарату процестеріне қатысатын жеке немесе заңды тұлға, мемлекеттік орган немесе лауазымды адам;

16) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

17) электрондық цифрлық қолтаңба құралдары – электрондық цифрлық қолтаңбаны жасау және оның төлнұсқалығын тексеру үшін пайдаланылатын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;

18) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілті – кез келген тұлғаға қолжетімді және электрондық құжаттағы электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі;

19) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны жасауға арналған электрондық цифрлық нышандар дәйектілігі.

Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

3-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiгiн пайдалану мен шетелдiк жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу

1. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, куәландырушы орталық пен шетелдiк тiркеу куәлiгi иесiнiң арасында туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу кезiнде тiркеу куәлiгi берiлген мемлекеттiң құқығы қолданылады.

2. Егер тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, шетелдiк жеке және заңды тұлғалар қатысатын электрондық құжаттарды алмасу кезiнде Қазақстан Республикасының заңдары қолданылады.

4-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

2) алып тасталды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) уәкілетті органның өкілеттіктерін айқындайды;

4) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуден өткізу ережелерін бекітеді;

4-1) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

4-2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);

5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 34-V ( алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124- V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми

жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Уәкілетті органдардың құзыреті

1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган:

1) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

3) мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;

4) электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекітеді;

6) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;

7) объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

9) шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекітеді;

10) электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекітеді;

11) куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын әзірлейді;

12) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекітеді;

13-1) Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асырады;

13-2) Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде нұсқама береді;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Архив ісі және басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган:

1) электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;

2) электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне салааралық ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты қамтамасыз етеді;

3) Қазақстан Республикасының электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің, орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерінде Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

5) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекелді бағалау өлшемшарттарын, тексерулер жүргізудің жартыжылдық кестелерін бекітеді;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 5-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа

енгізіледі); 16.05.2018 № 155-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау

1. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

2. Тексеру Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.07.17. N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 376-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-2-бап. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының құзыреті

1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары:

1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы және электрондық архивтер саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер мәселелеріне әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің және орталық мемлекеттік архивтердің жинақтау көздерін қоспағанда, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында Қазақстан Республикасының электрондық құжат

және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының электрондық құжат айналымы мен электрондық архивтер бөлігінде сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 1-тарау 5-2-баппен толықтырылды - ҚР 16.05.2018 № 155-VI Заңымен ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰЖАТ

6-бап. Электрондық құжат айналымының принциптерi

Электрондық құжат айналымы:

1) электрондық құжат айналымының әр түрлi жүйелерiнiң жұмыс iстеуi;

2) деректер жасау, өңдеу, сақтау және беру үшiн ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылатын қызметтiң кез келген салаларында электрондық құжаттарды пайдалану;

3) кез келген ақпараттық жүйелердi пайдалана отырып, электрондық құжаттарды беру принциптерi негiзiнде мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде жүзеге асырылады.

Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Электрондық құжат айналымына қойылатын талаптар

1. Осы Заңның талаптарына сәйкес келетін және оған қол қоюға өкілеттігі бар адамның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылған электрондық құжат қағаз жеткізгіштегі қол қойылған құжатпен бірдей.

2. Электрондық құжат оны телекоммуникациялар желісі арқылы берген кезден бастап жіберілген болып есептеледі.

3. Кірген электрондық құжат жолданым иесінің ақпараттық жүйесінде оны тіркегеннен кейін түскен болып есептеледі.

4. Алғаны туралы хабарламада электрондық құжатты алу фактісі мен уақыты туралы және оның жөнелтушісі туралы деректер болуға тиіс. Ол авторға түспеген жағдайда, жолданым иесі құжатты алмаған болып есептеледі.

4-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.

5. Электрондық құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

6. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттарды және өзге де деректерді мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинау, өңдеу, сақтау, беру, іздеу, тарату, пайдалану, қорғау, тіркеу және жою тәртібін, сондай-ақ арнаулы куәландырушы орталықты құру, аккредиттеу және оның қызметін тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР-ың 2009.06.04. N 162-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Электрондық құжаттарды сақтау

Электрондық құжаттар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк және (немесе) мемлекеттiк емес ақпараттық жүйелерде сақталады.

9-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушының құқықтары мен мiндеттерi

1. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы:

1) куәландырушы орталық тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгi мен жарамдылығын растау үшiн осы куәландырушы орталыққа жүгiнуге;

2) бiрнеше куәландырушы орталықтың қызмет көрсетуiн пайдалануға құқылы.

2. Электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушы белгiленген электрондық құжат айналымы ережелерiн сақтауға мiндеттi.

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20. N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

3-тарау. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА

10-бап. Электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану

1. Электрондық цифрлық қолтаңба қол қоюшы тұлғаның өзi қойған қолымен тең және мынадай шарттар орындалған кезде:

1) тiркеу куәлiгi бар ашық кiлттiң көмегiмен электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығы куәландырылғанда;

2) электрондық құжатқа қол қойған тұлға электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне заңды түрде иелiк еткенде;

3) электрондық цифрлық қолтаңба тiркеу куәлiгiнде аталған мәлiметтерге сәйкес пайдаланылғанда;

4) Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шетелдік

куәландырушы орталық электрондық цифрлық қолтаңбаны жасағанда және тіркеу куәлігін бергенде, бiрдей заңдық салдарға әкеп соғады.

2. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттері оларды заңды негіздерде иеленетін тұлғалардың меншігі болып табылады.

Тұлға әртүрлі ақпараттық жүйелерге арналған электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттеріне ие бола алады. Электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілттерін басқа тұлғаларға беруге болмайды.

3. Заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін иеленуші – заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам осы заңды тұлғаның жұмыскеріне немесе өзі тағайындаған адамға осы заңды тұлғаның атынан электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануға өкілеттік беруге құқылы.

Ескерту. 10-бапқа өзгерту енгізілді - 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Электрондық цифрлық қолтаңба құралдары

Электрондық цифрлық қолтаңба құралдарының Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгiленген жағдайларда және тәртіппен сәйкестігі расталуға жатады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

12-бап. Электрондық құжат айналымы жүйесiндегi электрондық цифрлық қолтаңба

1. Электрондық цифрлық қолтаңбаны мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң өкiлеттiгi шегiнде өздерi шығаратын электрондық құжаттарды куәландыру кезiнде пайдалана алады.

2. Электрондық құжат айналымының мемлекеттiк емес жүйелерiнде электрондық цифрлық қолтаңба Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен пайдаланылады.

Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

13-бап. Шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңбаны тану

Шетелдiк тiркеу куәлiгi бар шетелдiк электрондық цифрлық қолтаңба мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;

2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;

3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн Қазақстан Республикасының аумағында электрондық цифрлық қолтаңба деп танылады.

Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-тарау. ТIРКЕУ КУӘЛIГI

14-бап. Тіркеу куәлігін беру

Тіркеу куәлігі он алты жасқа толған адамға ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

14-1-бап. Тіркеу куәлігін беруден бас тарту

Куәландырушы орталық:

1) ұсынылған құжаттар толық болмаған;

2) анық емес мәліметтер ұсынылған;

3) соттың заңды күшіне енген шешіміне сәйкес;

4) адам он алты жасқа толмаған жағдайларда, тіркеу куәлігін беруден бас тартады.

Ескерту. 4-тарау 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен ( 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

15-бап. Тiркеу куәлiгiнiң мазмұны

1. Тiркеу куәлiгiнде мынадай мәлiметтер:

1) тiркеу куәлiгiнiң нөмiрi мен оның қолданылу мерзiмi;

2) электрондық цифрлық қолтаңбаның иесiн бiрдейлендiруге мүмкiндiк беретiн деректер;

3) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кiлтi;

4) электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi жабық кiлтiн жасау үшiн пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба құралдары туралы деректер;

5) электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану салалары мен оны қолдануды шектеу туралы ақпарат;

6) тиiстi куәландырушы орталықтың реквизиттерi болуға тиiс.

2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушымен келiсе отырып, электрондық құжат айналымы үшiн қажеттi қосымша ақпаратты тiркеу куәлiгiне енгiзеді.

Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

16-бап. Тiркеу куәлiктерiн куәландырушы орталықтарда сақтау тәртiбi мен мерзiмi

1. Тiркеу куәлiктерiнiң көшiрмелерi уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тиiстi куәландырушы орталықтарда сақталады.

2. Керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерiн куәландырушы орталықтарда сақтау мерзiмi - кемiнде бес жыл.

3. Керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерi осы баптың 2-тармағында аталған мерзiм өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мұрағаттық сақтауға түседi.

17-бап. Тiркеу куәлiгi иесiнiң құқықтары мен мiндеттерi

1. Егер тiркеу куәлiгiнiң иесi тiркеу куәлiгiнде аталған ашық кiлтке сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлтiне қол жеткiзу режимi бұзылады деп санаса, ол куәландырушы орталықтан тiркеу куәлiгiн керi қайтарып алуды талап етуге құқылы.

2. Тiркеу куәлiгiнiң иесi:

1) куәландырушы орталыққа дұрыс ақпарат беруге;

2) тiркеу куәлiгiнде аталған ашық кiлтке сәйкес келетiн жабық кiлттi пайдалануға;

3) алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) электрондық цифрлық қолтаңбаның өздерiне тиесiлi жабық кiлтiн заңсыз қол жеткiзу мен пайдаланудан қорғау үшiн шаралар қолдануға, сондай-ақ ашық кiлттердi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сақтауға мiндеттi.

Ескерту. 17-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Тiркеу куәлiгiн керi қайтарып алу

1. Тіркеу куәлігін берген куәландырушы орталық тиісті хабарлама негізінде оны мынадай жағдайларда:

1) тiркеу куәлiгi иесiнiң немесе оның өкiлiнiң талап етуi бойынша;

1-1) тіркеу куәлігін алған кезде анық емес мәліметтер беру фактісі анықталғанда;

2) тiркеу куәлiгiнің иесi қайтыс болғанда;

2-1) тіркеу куәлігін иеленушінің тегі, аты немесе әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) өзгергенде;

2-2) тіркеу куәлігін иеленуші – заңды тұлғаның атауы ауысқанда, ол қайта ұйымдастырылғанда, таратылғанда;

3) алып тасталды - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) куәландырушы орталық пен тiркеу куәлiгiнің иесi арасындағы келiсiмде көзделген жағдайларда;

5) заңды күшiне енген сот шешiмi бойынша керi қайтарып алады.

2. Куәландырушы орталық тiркеу куәлiгiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен және мерзiмде керi қайтарып алады.

3. Тiркеу куәлiгін жою кезiнде куәландырушы орталық тiркеу куәлiгiнің иесiн хабардар етуге және тиiстi ақпаратты алған кезден бастап кемiнде бiр күн мерзiмде тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiне өзгерiстер енгiзуге мiндеттi.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Шетелдiк тiркеу куәлiктерiн тану

Шетелдiк тiркеу куәлiгi мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес;

2) шетелдік куәландырушы орталықтар Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейін;

3) шет мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тараптары Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелгеннен кейiн куәландырушы орталық берген, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын тiркеу куәлiгiмен қатар танылады.

Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

5-тарау. КУӘЛАНДЫРУШЫ ОРТАЛЫҚ

20-бап. Куәландырушы орталықтың қызметi

1. Куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылады.

2. Куәландырушы орталық электрондық құжат айналымының бiрнеше жүйесiне қызмет көрсете алады.

Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-1-бап. Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласындағы мемлекеттік монополия

Ескерту. 5-тарау 20-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; алып тасталды - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

20-2-бап. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу

1. Куәландырушы орталықтарды аккредиттеу куәландырушы орталықтардың ( Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын қоспағанда) өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыруы үшін міндетті шарт болып табылады. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган аккредиттеуді Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарға қатысты жүзеге асырады.

2. Егер куәландырушы орталықтың өтінішінде анағұрлым қысқа мерзім көрсетілмесе, куәландырушы орталықты аккредиттеу үш жыл мерзімге тегін негізде жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-тарау 20-2-баппен толықтырылды - ҚР 24.11.2015 № 419-V Заңымен ( 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI ( алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Куәландырушы орталықтың функциялары

1. Куәландырушы орталық:

1) электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кiлттерiн заңсыз қол жеткiзуден қорғау үшiн шаралар қолдана отырып, электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың өтiнiшi бойынша электрондық цифрлық қолтаңбаның кiлттерiн жасайды;

2) тiркеу куәлiктерiн бередi, тiркейдi, керi қайтарып алады, сақтайды, белгiленген тәртіппен берiлген тiркеу куәлiктерiнің тiркелiмiн жүргiзедi;

2-1) тіркеу куәлігінің әрбір үлгісі үшін тіркеу куәлігін қолдану қағидаларын бекітеді ;

3) қолданылып жүрген және керi қайтарып алынған тiркеу куәлiктерiн есепке алуды жүзеге асырады;

4) куәландырушы орталық Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тiркеген электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлтiнiң тиесiлiлiгiн және жарамдылығын растайды.

5) <*>

2. Куәландырушы орталық сақтауда тұрған электрондық цифрлық қолтаңба ашық кiлттерi жоғалуының, модификациялануының және қолдан жасалуының алдын алу үшiн қажеттi барлық шараларды қолдануға мiндеттi.

3. Куәландырушы орталық осы баптың 2-тармағында көзделген міндеттi орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

4. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы негізгі куәландырушы орталығының функцияларын жүзеге

асыруды "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы қамтамасыз етеді.

Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. N 13 (01.01.2005 бастап қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату

1. Куәландырушы орталықтың қызметi Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен тоқтатылады.

2. Куәландырушы орталық қызметiн тоқтатқан жағдайда өз қызметiн тоқтатудан отыз күн бұрын өзi қызмет көрсететiн электрондық құжат айналымы жүйесiне қатысушылардың бәрiн және уәкiлеттi органды бұл туралы хабардар етуге мiндеттi.

3. Куәландырушы орталықтың қызметiн тоқтату кезiнде ол берген тiркеу куәлiктерi мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi кiлттерi, тiркеу куәлiктерiнің иелерi туралы мәлiметтер тiркеу куәлігінің иесiмен келiсiле отырып, басқа куәландырушы орталықтарға берiледi.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған мерзiм өткеннен кейiн басқа куәландырушы орталықтарға берiлмеген тiркеу куәлiктерi мен электрондық цифрлық қолтаңбаның тиiстi кiлттерi қолданылуын тоқтатады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сақталуға тиiс.

23-бап. Тiркеу куәліктерiнiң иелерi, электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық және ашық кiлттерi туралы мәлiметтердi қорғау

1. Куәландырушы орталық тiркеу куәлiктерiнің иелерi туралы мәлiметтердiң қорғалуын қамтамасыз етедi және оларды Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда ашады.

2. Тараптардың келiсiмiне сәйкес жасырын болып табылатын тiркеу куәлiктерiнiң иелерi туралы мәлiметтер тiркеу куәлiктерiнiң жалпы қол жететiн тiркелiмiне енгiзiлмейдi.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР

24-бап. Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауаптылық

Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiкте болады.

Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда электрондық құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

25-бап. Дауларды қарау

Электрондық құжатты және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану кезiнде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот тәртiбiмен қаралуға тиiс.

26-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

Осы Заң 2003 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қ а з а қ с т а н Р е с п у б л и к а с ы н ы ң Президенті

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК